02.04.2025
13:05:47
ru
kz

Алматыдан Гуанчжоуға алғашқы рейс орындалды

Қазақстан жаңалықтары
31.03.2025
12:35
Алматыдан Гуанчжоуға алғашқы рейс орындалды
Air Astana Алматыдан Гуанчжоуға алғашқы рейсін орындады, деп хабарлайды Travelpress.kz.

2025 жылғы 30 наурызда Air Astana Қытайға маршруттық желісін толықтырып, Алматыдан Гуанчжоуға алғашқы рейсін орындады. 161 жолаушымен (жүктемесі 97%) A321LR ұшағы Алматы халықаралық әуежайынан 20:38-де ұшып, жергілікті уақыт бойынша 05:19-да Гуанчжоу-Байюнь халықаралық әуежайына қонды. 

Air Astana аптасына үш рет - сейсенбі, бейсенбі және жексенбі күндері Гуанчжоуға тұрақты рейстерді орындайды. Жаңа бағыт жолаушыларға саяхат үшін жаңа мүмкіндіктер ашады. Гуанчжоу - Қытайдың ірі іскерлік және туристік орталықтарының бірі. Қала өзінің тағамдарымен, тарихи көрікті жерлерімен және заманауи сәулетімен танымал.

Бұл рейс Қытайға қазіргі рейстерді қосымша толықтырды. Қазіргі таңда Air Astana аптасына Алматы мен Астанадан Бейжіңге аптасына 7 рет, сондай-ақ Алматыдан Үрімшіге аптасына 4 рет қатынайды. 

Қазақстандықтар Қытайда визасыз 30 күнге дейін бола алады.
Есепке қою туралы № KZ38VPY00083153 БАҚ куәлігі 04.12.2023 жылы берілді.