18.11.2025
19:37:02
ru
kz

Алматы–1 вокзалы жаңғыртылуда

Қазақстан жаңалықтары
18.11.2025
17:29
Алматы–1 вокзалы жаңғыртылуда

Алматы әкімі Дархан Сатыбалды «Алматы–1» теміржол вокзалындағы жаңғырту жұмыстарын тексерді, деп хабарлайды Travelpress.kz.


Әкім 1974 жылы салынған ғимараттың тарихи сәулеттік келбетін сақтай отырып жүргізіліп жатқан жұмыстармен танысты.


 

Жоба аясында жолаушылар ағымының жоғары болуын және нысанның қарқынды пайдаланылуын ескере отырып, заманауи, вандализмге төзімді материалдар қолданылады. Вокзал аумағында визит-орталық, музейлік экспозиция және капсульді қонақүй ашу жоспарланған.


 

Дархан Сатыбалды бұл жобаның қала тұрғындары мен қонақтарының жайлылығы мен қауіпсіздігін арттыру үшін маңызды екенін атап өтті. Ол құрылыс мерзімі мен сапасын қатаң сақтау қажеттігін, сондай-ақ кез келген бұзушылықтар мен сапасыз жұмыс үшін қатаң жауапкершілік қарастырылатынын ескертті.


 

Әкімдік жобаның жүзеге асырылуын тұрақты бақылауда ұстап, вокзалдың қаланың көлік инфрақұрылымындағы заманауи, қолайлы және қауіпсіз нысанға айналуын қамтамасыз етеді.


 

Есепке қою туралы № KZ16VPY00118275 БАҚ куәлігі 25.04.2025 жылы берілді.
+
Сообщение
+
Заказ звонка
Отправить