19.09.2024
21:31:22
ru
kz

Алматы үндістандық саяхатшылар үшін жиі баратын қалалардың тізімінде бірінші орынды иеленді

Қазақстан жаңалықтары
08.02.2024
10:50
Алматы үндістандық саяхатшылар үшін жиі баратын қалалардың тізімінде бірінші орынды иеленді
2024 жылы Қазақстан үндістандық саяхатшылар үшін басты бағыт ретінде өзінің лайықты алғашқы орынын иеленді, деп хабарлайды Travelpress.kz.
 
Бұл туралы «Kazakh Tourism» ҰК» АҚ баспасөз қызметі мәлім етті.

Үндістандық туристтер еліміздің бірегей мәдени және табиғи мұрасын зерттеуге шынайы қызығушылық танытып келеді.
 
 
India Today басылымындағы жарияланымға сәйкес, Алматы Үндістаннан келетін туристердің таңдаулы тізімінде бірінші орынды иеленіп, Индонезия, Вьетнам, Тайланд, Жапония, Франция, Мальдив аралдары және Сейшель аралдары сияқты бағыттарды басып озды.
 
Бұл Қазақстанның туристік бағыт ретінде бірегейлігі мен тартымдылығын ғана емес, сонымен қатар біздің ерекше саяхат тәжірибесін ұсынуға деген берік ұстанымымызды да көрсетеді.
 
Есепке қою туралы № KZ200123 БАҚ куәлігі 10.12.2023 жылы берілді.