Бұл туралы Алматы халықаралық әуежайының баспасөз қызметі мәлім етті.
"Жағдай тұрақталғаннан кейін әуежай әуе кемелеріне көктайғаққа қарсы кезекпен қызмет көрсетуді жандандырды. Жұмысқа барлық арнайы техника мен күшейтілген ауысымдық жеке құрам жұмылдырылды. Бірінші кезекпен кешіктірілген рейстерге қызмет көрсетілгендіктен, ұшып келген ұшақтар тұрақ орындарының босағанын күтіп тұрды. Сондай-ақ, жұмысқа барлық жолаушылар баспалдақтары іске қосылғанын хабарлаймыз", - делінгенг хабарламада.
Баспалдақтардың жетіспеушілігі туралы ақпарат жалған болып табылады.