Air Astana 13 тамызда КС 267 Алматы-Бейжің рейсін дайындау кезінде әуе кемесінің есігі тамақ таситын машинадан зақымданды, деп хабарлайды Travelpress.kz.
Бұл рейстің жолаушылары бүгінгі рейспен діттеген жеріне жеткізіледі. Әуекомпания рейстің кешіктірілгеніне өкініп, оған әуекомпания кінәлі емес екенін атап көрсетеді.
Air Astana Алматы халықаралық әуежайын материалдық залал келтіруден басқа ұшу кестесін бұзатын оқиғалардың алдын алуға шақырады.
Есепке қою туралы № KZ200123 БАҚ куәлігі 10.12.2023 жылы берілді.