Әлемдегі тревел-блогерлердің TBEX конференциясы алғаш рет Қазақстанда өтеді, деп хабарлайды Travelpress.kz.
Алматы 2026 жылы туризм бағытында креативті контент жасаушылардың Travel Bloggers Exchange (TBEX) ірі халықаралық конференциясын қабылдауға.
Оған жалпы аудиторияны қамту деңгейі шамамен 300 млн адамды құрайтын 300-ден астам танымал сарапшы мен журналист, блогер-саяхатшы қатысады деп күтілуде. Жаһандық іс-шара елдің туристік әлеуетін және бірегей ұсыныстарды халықаралық туристік қауымдастыққа паш етуге мүмкіндік береді. Бұл туралы TBEX президенті Рик Калверт Алматыда өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді.
ТМД елдерінің тарихында тұңғыш рет Қазақстанда маңызды халықаралық іс-шара өтеді. «Kazakh Tourism» ҰК» АҚ ұйымдастырушыларға TBEX өткізуге алаңды ұсыну бойынша өтінім жолдап, іріктеу нәтижесінде ұйымдастырушылар Қазақстанды таңдаған.
Бұған дейін конференция Еуропада, Солтүстік Америкада және Азия-Тынық мұхиты аймағында өткізілген.
Мұндай форматтағы іс-шараларды ұйымдастырушылар өз күшімен өткізеді. Kazakh Tourism оларға әкімшілік қолдау көрсетеді, туристік ұсыныстарды алға тартып, қалаларды туристік бағыт ретінде ілгерілетеді.
Есепке қою туралы № KZ38VPY00083153 БАҚ куәлігі 04.12.2023 жылы берілді.