05.10.2026
05:22:03
ru
kz

Алакөлдің жолы жөнделді

Алакөлдің жолы жөнделді
Алакөлге апаратын жолдарда қозғалыс ашық, асфальт төселді, деп хабарлайды Travelpress.kz.

Бұл туралы ҚР Көлік министрлігінің баспасөз қызметі мәлім етті. 

Алакөл көліне оңтүстік жағынан бару үшін «Талдықорған – Өскемен» автомобиль жолынан Жетісу облысындағы Үшарал кентіне жетіп, содан кейін іргелес жатқан «Үшарал-Достық» жолына өту қажет. 

Көл жағасымен Жетісу облысының Достық ауылына қарай өтетін бұл учаскенің ұзындығы 180 шақырымды құрайды.

Ал «Талдықорған – Өскемен» автомобиль жолынан Алакөлдің солтүстік жағалауына бару үшін республикалық маңызы бар «Таскескен – Бақты» автомобиль жолына өту қажет. 

Ұзындығы 133 шақырымды құрайтын бұл учаске Абай облысының Мақаншы ауылына апарады. Одан әрі Мақаншы ауылынан көлге жету үшін облыстық маңызы бар «Мақаншы – Жалаңашкөл» автомобиль жолымен жүруге болады.

Айта кетерлігі, Алакөл көліне жолаушылар республикалық маңызы бар «Талдықорған – Өскемен» автомобиль жолы арқылы қатынайды. Ұзындығы 768 шақырым жолға толығымен асфальт төселген.
Есепке қою туралы № KZ16VPY00118275 БАҚ куәлігі 25.04.2025 жылы берілді.
+
Сообщение
+
Заказ звонка
Отправить