21.09.2024
06:20:02
ru
kz

Ақмола облысында халықаралық деңгейдегі жаңа қонақ үй ашылды

Қазақстан жаңалықтары
20.09.2024
21:16
Ақмола облысында халықаралық деңгейдегі жаңа қонақ үй ашылды
Биыл Ақмола облысының Ақкөл ауданында халықаралық деңгейдегі жаңа қонақ үй ашылды, деп хабарлайды Travelpress.kz.

Wyndham Residences Aqkol pre-opening режимінде 2 мыңнан астам туристі қабылдады. Компанияның аймақ бюджетіне салықтық төлемдері шамамен 100 млн теңгені құрамақ.

Журналистерге туристік мүмкіндіктер, физикалық және менталдық әл-ауқатқа негізделген салауатты өмір салты тұжырымдамасы, (Institute of Integrative Medicine&Wellness клиникасы, профилактикалық және қартаюға қарсы медицина әдістері таныстырылды. 

Жобаны іске асыруға салынған жеке инвестициялар көлемі шамамен 4,5 млрд теңгені құрады. 90 адам жұмыс орындарымен қамтылған, олардың 95% - ы аудан тұрғындары.

TÖR’RE компаниясы Ақкөл ауданындағы жобаны кеңейтіп, жаңа қонақ үй нысандарын салуға қосымша 13 млрд теңге бөлмек. 53 коттедж бен 40 үй, сонымен қатар 120 бөлмелі Ramada Resort Aqkol қонақ үйінің құрылысы жоспарлануда. 

Баспасөз туры барысында Wyndham Residences Aqkol мен Ақкөл қаласының агротехникалық колледжі арасында шартқа қол қойылды. Ынтымақтастық студенттер үшін жаңа мүмкіндіктер ашады. Олар қонақ үй бизнесінің нақты жағдайында құнды жұмыс тәжірибесін алады.
 
Есепке қою туралы № KZ200123 БАҚ куәлігі 10.12.2023 жылы берілді.