19.09.2024
21:30:25
ru
kz

Air Astana Астанадан Сеулге тікелей әуе рейсін қайта ашады

Қазақстан жаңалықтары
11.04.2024
16:48
Air Astana Астанадан Сеулге тікелей әуе рейсін қайта ашады
2024 жылға арналған көктемгі-жазғы ұшу кестесінде Air Astana тұрақты әрі маусымдық бағыттарды жаңартады, деп хабарлайды Travelpress.kz.
 
Бұл туралы Air Astana әуекомпаниясының баспасөз қызметі мәлім етті.
 
Сондай-ақ бірқатар халықаралық бағыттар бойынша ұшу жиілігін артады.
 
Жаңа маусымда әуекомпания Астана-Сеул халықаралық бағыты бойынша және Астана-Қостанай ішкі бағыты бойынша тікелей рейстерді қалпына келтіруді жоспарлап отыр.
 
Жаздан бастап Алматы мен Астанадан Подгорицаға аптасына үш рет жиілікпен маусымдық рейстер жанданады және Астанадан Тбилисиге және Алматыдан Ираклионға да осындай жиілікпен қатынайды.
 
Жаңа ұшу кестесінде Алматыдан Ташкентке ұшу жиілігі аптасына 14 рейске дейін, Бішкекке 8 рейске дейін және Тбилисиге 9 рейске дейін, Үрімшіге 5 рейске дейін; Душанбеге 4 ретке дейін және Бакуге аптасына 3 ретке дейін ұлғайды.
 
Енді Алматы-Сеул рейстері күнделікті болады. Астанадан Ташкентке ұшу жиілігі аптасына 3 ретке дейін артты.
 
Рейстердің кестесін нақтылауға және авиабилеттерді әуекомпанияның ресми сайтынан, Air Astana сату кеңселерінен, Ақпарат және брондау орталығынан, сондай-ақ аккредиттелген агенттіктерден сатып алуға болады.
 
 
Есепке қою туралы № KZ200123 БАҚ куәлігі 10.12.2023 жылы берілді.