19.09.2024
22:13:56
ru
kz

Air Astana: 15 маусымнан бастап Астана-Сеул бағытындағы рейстер қайта жанданады

Қазақстан жаңалықтары
29.04.2024
11:25
Air Astana: 15 маусымнан бастап Астана-Сеул бағытындағы рейстер қайта жанданады
Air Astana Астанадан Сеулге рейстерді қайта орындайды, деп хабарлайды Travelpress.kz.
 
Air Astana Астанадан Сеулге рейстерге билеттердің сатылымын бастады. Рейстер 2024 жылдың 15 маусымынан бастап аптасына екі рет Аirbus A321LR ұшағында орындалады. Астанадан Сеулге рейстерді әуекомпания 2015 іске қосып, ковид себебімен 2020 жылы тоқтатқан болатын.
 
Астанадан Сеулге рейстер Алматыдан Сеулге күнделікті рейстерді толықтырып, екі бағыт та Asiana Airlines компаниясымен кодшеринг келісімі бойынша орындалады. Әуекомпания Алматы-Сеул рейсін 2003 жылы бастап, 22 жылда 800 мыңға жуық жолаушы тасымалдаған.
 
Әуетасымалдаушысы сондай-ақ 2024 жылға халықаралық рейстердің жазғы кестесінде Алматыдан Ташкентке ұшу жиілігі аптасына 14 ретке дейін; Бішкекке аптасына сегіз ретке дейін; Тбилисиге аптасына тоғыз ретке дейін; Душанбеге аптасына төрт ретке дейін; Бакуге аптасына үш ретке дейін ұлғайтылғанын еске салады.
Есепке қою туралы № KZ200123 БАҚ куәлігі 10.12.2023 жылы берілді.