22.01.2026
16:49:40
ru
kz

Әйелдерге арналған вагондарды 822 мың жолаушы пайдаланған

Қазақстан жаңалықтары
22.01.2026
12:59
Әйелдерге арналған вагондарды 822 мың жолаушы пайдаланған

Ұлттық тасымалдаушының әйелдерге арналған вагондарын 822 мыңға жуық жолаушы пайдаланған, деп хабарлайды Travelpress.kz.
 

Бұл дерек аталған сервистің өзектілігін және теміржол көлігін қолайлы қатынас құралы ретінде таңдайтын әйелдер арасында жоғары сұранысқа ие екенін көрсетеді.


 

Қазіргі уақытта әйелдер вагондары төмендегі 12 бағытта қатынайды:


 

 • №77/78 «Алматы – Маңғыстау»,

 • №351/352 «Алматы – Маңғыстау»,

 • №45/46 «Павлодар – Түркістан»,

 • №37/38 «Маңғыстау – Семей»,

 • №47/48 «Атырау – Астана»,

 • №33/34 «Ақтөбе – Алматы»,

 • №4/3 «Астана – Алматы»,

 • №71/72 «Астана – Шымкент»,

 • №354/353 «Астана – Семей»,

 • №24/23 «Ақтөбе – Алматы»,

 • №25/26 «Алматы – Шымкент»,

 • №614/613 «Орал – Маңғыстау».


 

Аталған вагондарға билеттер тек әйел жолаушыларға сатылады. Сонымен қатар, бұл вагондарда әйел жолсеріктер ғана қызмет көрсетеді. Әйел жолаушылармен бірге жеті жасқа дейінгі ер балалардың жол жүруіне рұқсат етіледі.


 

Әйелдер вагонына билет вокзал кассаларында немесе bilet.railways.kz ресми сайты арқылы онлайн түрде рәсімделеді. Онлайн сатып алу кезінде билетте көрсетілген «ЖН» белгісіне назар аудару қажет — бұл таңдалған орынның әйелдер вагонында екенін білдіреді.


 

Билеттерді сату пойыздың жөнелтілуіне 45 күн қалғанда ашылады, бұл жолаушыларға сапарын алдын ала жоспарлауға мүмкіндік береді.


 

 


 

Есепке қою туралы № KZ16VPY00118275 БАҚ куәлігі 25.04.2025 жылы берілді.
+
Сообщение
+
Заказ звонка
Отправить