17.05.2025
06:14:45
ru
kz

9,5 мыңнан астам жолаушы ауысып отыру қызметін пайдаланған

Қазақстан жаңалықтары
16.05.2025
12:50
9,5 мыңнан астам жолаушы ауысып отыру қызметін пайдаланған
9,5 мыңнан астам жолаушы «Пойыз+пойыз» және «Вагон+вагон» қызметтерін пайдаланды, деп хабарлайды Travelpress.kz.

Бұл туралы «Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметі мәлім етті

«Вагон+вагон» және «Пойыз+пойыз» бағыттары бойынша ауысып отыру қызметтері іске қосылған сәттен бері 9,5 мыңнан астам жолаушы бұл баламалы мүмкіндік арқылы тікелей билет болмаған жағдайда да сапарын сәтті жалғастырды. Бұл қызметтер жолаушылар арасында сұранысқа ие.

«Вагон+вагон» қызметі жолаушыға бір пойыздың шегінде бір вагоннан екіншісіне ауысып, екі бөлек билет рәсімдеуге мүмкіндік береді. Бұл тікелей орын болмаған кезде, аралық станция арқылы межелі бағытқа жетудің ыңғайлы тәсілі саналады.

Мәселен, жолаушы 28 мамыр күні Астана-Алматы бағытына билет сатып алуды жоспарлайды. Алайда бұл бағытта орын болмаған жағдайда жолаушы әуелі Астана-Ағадыр бағытына билет сатып алып, кейін Ағадыр-Алматы бағытына сол пойыздың басқа вагонынан билет рәсімдей алады. 

«Пойыз+пойыз» қызметі — екі түрлі пойыз арасында ауысып отыру арқылы жол жүру мүмкіндігін ұсынады. Бұл жолаушыға бағытты икемді жоспарлауға және сапарын тиімді ұйымдастыруға көмектеседі.

Қызметті қалай пайдалануға болады?

1.bilet.railways.kz сайтына кіріңіз.

2.Сапар бағыты мен күнін таңдаңыз.

3.Егер тікелей билеттер қолжетімді болмаса, жүйе автоматты түрде балама нұсқаларды — «пойыз+пойыз» немесе «вагон+вагон» — ұсынады.

4.Өз қажеттілігіңізге қарай «Пойызбен ауысып отыру – пойыз+пойыз» немесе «Ауысып отыру – вагон+вагон» бөлімін таңдаңыз.

5.Ұсынылған маршруттар ішінен ең қолайлы нұсқаны таңдаңыз.

6.Жеке деректерді толтырып, билет рәсімдеуді аяқтаңыз.

Қосымша ақпаратты 1433 тегін нөмірі арқылы немесе bilet.railways.kz сайтынан алуға болады.


 
Есепке қою туралы № KZ16VPY00118275 БАҚ куәлігі 25.04.2025 жылы берілді.