19.09.2024
21:55:03
ru
kz

82 елдің азаматтары Қазақстанға визасыз келе алады

Қазақстан жаңалықтары
17.05.2024
09:15
82 елдің азаматтары Қазақстанға визасыз келе алады
Бүгінгі таңда 82 елдің азаматтары Қазақстанға визасыз келе алады, халықаралық әуе қатынасы 108 бағыт бойынша 29 елге орындалады, деп хабарлайды Travelpress.kz.

Бұл туралы ҚР Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметі мәлім етті. 

Туристік ағымды ұлғайту үшін виза алу рәсімдерін цифрландыру және оңайлату арқылы бұл режимді жетілдіру қажет. Мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп шетелдік азаматтарға елде ұзақ мерзімді болу құқығын бере отырып, қазіргі заманғы көшпенділердің визасын енгізу мәселесі қаралуда (жұмыс атауы – NEO Nomad Visa). Бұл шараны енгізуден күтілетін экономикалық нәтиже жыл сайын 3 млрд теңгеден асады.
Есепке қою туралы № KZ200123 БАҚ куәлігі 10.12.2023 жылы берілді.