09.12.2024
13:19:33
ru
kz

2028 жылға дейін 117 локомотив сатып алынады

Қазақстан жаңалықтары
04.11.2024
17:16
2028 жылға дейін 117 локомотив сатып алынады
ҚТЖ және Société Générale француз банкі келісім жасады, деп хабарлайды Travelpress.kz.

Бұл туралы "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ баспасөз қызметі мәлім етті. ҚТЖ және Société Générale француз банкі Париждегі Қазақстан-француздық Іскерлік кеңесінде Alstom электровоздарын сатып алуды қаржыландырудың негізгі шарттары туралы келісім жасасты. 

Тараптар 117 локомотив сатып алуға төмен ставкалар бойынша жеңілдікті қаржыландыру беру туралы уағдаласты. Кепілгер Францияның қаржы министрлігінің BPI France экспорттық-кредиттік агенттігі болып табылады. 

Локомотивтер 2028 жылға дейін ҚТЖ-ға жеткізіледі. ҚТЖ паркін жаңарту тасымалдау процесіне оң әсерін тигізеді. ALSTOM Қазақстанға 2028 жылға дейін 117 локомотив жеткізеді

"Қазақстан темір жолы", "Электровоз құрастыру зауыты" ЖШС және ALSTOM 2028 жылға дейін 117 жүк электровозын жеткізу және сервистік орталықтар құру туралы келісті. Тиісті құжатқа Парижде Қазақстан-Франция Іскерлік кеңесінде қол қойылды.  

Сатып алынатын электровоздар 1980 жылғы үлгідегі ескірген ВЛ-80 локомотивтерін ауыстырады. Бұл локомотивтің артықшылықтары төмен шығындар, электр энергиясын үнемді пайдалану, жоғары сенімділік және қызмет көрсету шығындарын азайту болып табылады. 

Мәміленің кепілі Франция қаржы министрлігінің BPI France экспорттық-кредиттік агенттігі. Францияның Société Générale Банкі локомотивтерді сатып алуға төмен мөлшерлемемен жеңілдетілген қаржыландыру ұсынады.  


Есепке қою туралы № KZ38VPY00083153 БАҚ куәлігі 04.12.2023 жылы берілді.