2023 жылы 13,5 млн. астам жолаушы «Жолаушылар тасымалы» АҚ пойыздарымен тасымалданды. Бұл туралы "Қазақстан темір жолы" баспасөз қызметі мәлім етті.
Қазақстандықтар үшін ең сұранысқа ие бағыттар: Астана-Алматы, Астана-Шымкент, Алматы-Шымкент, Астана-Семей, Алматы-Семей бағыттары болды, олардағы билеттерге деген сұраныс жоғары.
ТЖ билеттеріне жоғары сұраныс жазғы және қысқы кезеңдерде (демалыс маусымы, демалыс) және мереке күндері орын алады. Мәселен, «Жолаушылар тасымалы» АҚ-ның 2023 жылдың жазғы кезеңінде 4 млн астам жолаушыны тасымалдады.
«Жаңа жылдық мерекелерде жолаушылар тасымалы мен қала маңы пойыздармен 9 мыңнан астам жолаушы жеткізілді. Жолаушылардың жайлылығы мен мерекелік демалыс күндері сапарлаушылардың тасымалдауға деген сұранысын қанағаттандыру үшін ҚТЖ қосымша пойыздар мен тіркеме вагондар есебінен ресурстарды жұмылдырып, 30 мың орын дайындады» - деп хабарлады Қазақстан темір жолы" баспасөз қызметі.
Олар негізінен ауа-райының қолайсыздығына байланысты көлік қозғалысы тоқтатылған елді мекендерден жолаушыларды шығару үшін тағайындалды. Қар басқан аудандардан 9 мыңнан астам жолаушы эвакуацияланды.
Ағымдағы жылдың 2 қаңтарына Көкшетау, Бурабай курорты, Атбасар, Павлодар бағытында 4 қосымша қала маңы пойызы іске қосылды. Жолаушыларға қосымша 1300 орындық ұсынылды.
Есепке қою туралы № KZ38VPY00083153 БАҚ куәлігі 04.12.2023 жылы берілді.