03.10.2025
14:21:29
ru
kz

100-ден астам қазақстандық «Keruen express» туристік пойызымен жолға шықты

Қазақстан жаңалықтары
03.10.2025
12:38
100-ден астам қазақстандық «Keruen express» туристік пойызымен жолға шықты

100-ден астам қазақстандық «Keruen express» туристік пойызымен жолға шықты, деп хабарлайды Travelpress.kz.


 

Бұл туралы «Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметі мәлім етті. 

 

Бүгін Алматыдан 100-ден астам жолаушы «Алматы – Түркістан – Ташкент – Самарқан – Бұхара – Алматы» бағыты бойынша жүретін «Keruen express» туристік пойызымен сапарға шықты. Турдың ұзақтығы – 5 күн.


 

Пойыз заманауи әрі жайлы отандық өндірістің вагондарынан жасақталған. Интерьер ұлттық нақышта безендіріліп, дәстүрлі ою-өрнектермен айшықталған. Құрамда үш купелік және бір мейрамхана вагоны бар.


 

Бағыт бойында туристтер Қазақстан мен Өзбекстанның мәдени және тарихи орталықтарына аялдап, ғасырлар қойнауынан сыр шертетін жәдігерлермен танысады. Сапар барысында олар Түркістандағы Қожа Ахмет Ясауи кесенесі мен көне Отырар қалашығын, Самарқандағы Әмір Темір кесенесі мен әйгілі Регистан алаңын, Бұхарадағы Арк қамалы мен Ляби-Хауз алаңын, Ташкенттегі Төле би кесенесі мен Хазрет Имам мемориалдық кешенін тамашалайды.


 

Турпакетке пойызбен сапар, кәсіби гидтердің сүйемелдеуі, барлық экскурсиялық билеттер мен трансферлер толық қамтылған.


 

«Keruen express» туристік пойызы «Жолаушылар тасымалы» АҚ бастамасымен және «Өзбекстан темір жолдарының» қолдауымен ұйымдастырылды.


 

Бұл жоба Қазақстанның халықаралық туристік әлеуетін арттырып қана қоймай, екі ел арасындағы мәдени байланыстарды нығайтуға және өңірдің тарихи мұрасын кеңінен танытуға серпін береді.

Есепке қою туралы № KZ16VPY00118275 БАҚ куәлігі 25.04.2025 жылы берілді.