Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі Италияда вандализм жасап ұсталған ел азаматына қатысты түсініктеме берді, деп жазады Travelpress.kz.
Бұл туралы Egemen.kz сайты жазды.
Италияның Помпей археологиялық саябағындағы Цеев үйінің қабырғасына «ALI» деп есімін жазған туристі Италияның құқық қорғау органдары ұстаған еді.
СІМ Италия заңнамасы аясында қажетті рәсімдер жасалған соң, оның босатылғанын хабарлады. Алайда ел тұрғыны көне ғимаратқа келтірілген шығынды толық өтейді. Әрі қарайғы іс әкімшілік тәртіппен жүргізіледі.
Есепке қою туралы № KZ16VPY00118275 БАҚ куәлігі 25.04.2025 жылы берілді.