19.09.2024
21:52:23
ru
kz

Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай ауданында қар көшкіні болды

Оқиғалар
21.02.2024
10:55
Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай ауданында қар көшкіні болды
Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай ауданында қар көшкіні болды, деп хабарлайды Travelpress.kz.

Бұл туралы ШҚО ТЖД баспасөз қызметі мәлім етті.

«Қазселденқорғау» ММ ақпараты бойынша 21 ақпанда Катонқарағай ауданында шамамен 8 сағат 40 минут, «Өскемен-Рахман қайнары» республикалық маңызы бар автожолында 436 шақырым жерде қардың көп түсуіне байланысты жалпы көлемі 7600 текше метр қар көшкінінің өздігінен түсуі орын алды.

Зардап шеккендер мен қиратулар жоқ.

Қар көшкіні жолды толығымен жауып тастады. Жол қызметтері тазалау жұмыстарын жүргізуде.
 
Есепке қою туралы № KZ200123 БАҚ куәлігі 10.12.2023 жылы берілді.