Қостанай облысының Әулиекөл ауданында республикалық маңызы бар «Қостанай – Әулиекөл – Сұрған» автожолында қар құрсауында қалған төрт жеңіл автокөлік құтқарушылардың күшімен эвакуацияланып, Новонежинка ауылына дейін сүйемелденді, деп хабарлайды Travelpress.kz.
Арқалық қаласына қарасты Жалғызтал ауылының маңында бір ер адам отырған жеңіл автокөлік қар құрсауында қалып қойды. Өтімділігі жоғары автокөліктің көмегімен құтқарушылар көлік құралын тазартылған әрі қауіпсіз жол учаскесіне сүйреп шығарды.
Тағы бір оқиға Ұзынкөл ауданында орын алды. Новопокровка ауылынан 8 км қашықтықта қар құрсауында қалған, ішінде екі адам болған жеңіл автокөлік эвакуацияланып, Ұзынкөл ауылына дейін сүйемелденді.
Көліктерде 15 адам, оның ішінде бір бала болған. Эвакуацияланғандарға медициналық көмек қажет болған жоқ.
ТЖМ ескертеді: қолайсыз ауа - райы жағдайында алыс жолға шықпаған жөн, төтенше қызметтердің хабарламаларын мұқият қадағалап, жол жағдайын алдын ала бағалау қажет.
