Ақсеңгір – Шамалған аралығында ер адам абайсызда пойыз астына түсті, деп хабарлайды Travelpress.kz.
Бұл туралы «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі мәлім етті
2025 жылғы 17 наурызда сағат 17:24-те Ақсеңгір – Шамалған темір жол аралығында(Алматы – Отар учаскесі) жүк пойызының машинисі жолда бөгде адамның кенеттен шығуына байланысты шұғыл тежеуді қолданды. Ер адам локомотив пен өткел бойынша кезекшінің сигнал берулеріне жауап бермеді. Басудың алдын алу мүмкін болмады.
Орын алған оқиға туралы Алматы-1 станциясының желілік полиция басқармасына хабарланды. Оқиғаның алдын – ала себебі -жәбірленушінің жеке абайсыздығы және теміржолдағы қауіпсіздік ережелерін сақтамауы.
ҚТЖ азаматтарды темір жолдан өту ережелерін қатаң сақтауға, тек арнайы жабдықталған өткелдерді пайдалануға,сондай-ақ темір жол маңында қырағылық пен ұқыптылық танытуға шақырады.
Есепке қою туралы № KZ38VPY00083153 БАҚ куәлігі 04.12.2023 жылы берілді.