Фото: Солтан Жексенбеков
Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Алибек Бакаев Үкіметтегі брифингте мәлімдеді, деп хабарлайды TravilPress, informkz сілтемесімен.
- Джиддадан бүгін емес, ертең 343 ҚР азаматы — бұл ұшып шығатын бірінші толқын, бірінші топ, - деді вице-министр.
Бакаевтың нақтылауынша, ең алдымен тізімге кәмелетке толмаған балалары бар әйелдер, 60 жастан асқан азаматтар, сондай-ақ белгілі бір аурулары бар адамдар енгізілген.
- Балалардың жалпы санын айта алмаймын, себебі борт әлі толық жасақталған жоқ. Біз адамдарды Джидда және Маскат қалаларында шоғырландырып жатырмыз, олар ұшақ бортына отырғаннан кейін нақты саны белгілі болады, - деп қосты ол.
Бұған дейін Таяу Шығыстағы әскери шиеленіс аясында қазақстандықтардың алғашқы тобы Біріккен Араб Әмірліктері елінен келген болатын. Тағы 467 Қазақстан азаматы Дубай қаласынан Оман арқылы бүгінгі күннің соңына дейін Қазақстанға қайтарылады.