08.12.2024
01:40:18
ru
kz

Бір жылдың ішінде Маңғыстау облысына туризмнен 12,7 млрд теңге түскен

Сұхбат
23.02.2024
14:59
Бір жылдың ішінде Маңғыстау облысына туризмнен 12,7 млрд теңге түскен
Маңғыстау облысында туризм саласы қарыштап дамып келеді. Соңғы жылдары бұл мекенге келушілер саны артқан. Теңізге шомылып, өлкенің көрікті жерлеріне саяхаттаушылар көбейген. Себебі, өлкеде әсем, көрікті жерлер өте көп. Ол - Бозжыра шатқалы, Шерқала тауы, Қызылкүп шатқалы, Боқты тауы, Қапамсай шатқалы, Саура сайы. Мұнда туристер жаз айларында ағылып барады екен.  

Маңғыстау – туристерді таңғалдыратын таңғажайып мекен. Облыста 50 гид және 15-тен астам туроператор бар. Осыдан бірнеше жыл бұрын Маңғыстау облысы еліміздің әлеуеті зор 10 туристік аймағының қатарына енген еді. Travelpress.kz тілшісі Маңғыстау облысы туризм басқармасының басшысы Мәулен Ғабдулқалиевпен туризмді дамытудың қандай жобаларын әзірлеп жатқаны жайлы сұхбаттасты. 


2023-2024 жылдары табиғаты айрықша аймақ - Маңғыстау облысына қанша турист келді?
 

«Маңғыстау облысында туризм саласы өте қарқынды дамуда. Оны кешегі өткен 2023 жылдың 9 ай есебінен көруге болады. Маңғыстау облысына 325 мың турист келген болатын. Оны жіктейтін болсақ, 290 мыңы бұл Қазақстан азаматтары, ал 35 мыңы шетелдіктер. Қазақстан Республикасының азаматтырына келетін болсақ, көрші облыстардан көп келген. Атап айтсақ ол - Атырау облысы, Батыс Қазақстан облысы, Ақтөбе облысы және Алматы мен Астана қалалары. Ал шетелдіктерді жіктейтін болсақ, ең көп турист - Ресей Федерациясы, Италия, Франция және Германиядан келген. Сонымен қатар Иран Ислам Республикасы арасында тікелей рейс ашқан болатынбыз. «Горган – Ақтау» сол бойынша 1250 турист келген болатын. Биылда бұл бағыт бойынша жұмыс істеп жатырмыз»


Маңғыстау туризм

Туризмді дамытуда қандай жобалар әзірлеп жатырсыздар?
 

"Өткен жылы екі ірі жоба жасақталған болатын. Соның бірі теңіз жағасындағы қонақүй,  ал екіншісі демалыс орны. Бұдан бөлек, 2027 жылға дейін жалпы қаражаты 100 млрд теңгені құрайтын 13 жоба іске асады деп жоспарланып отыр. Бұның барлығы туризм саласын дамытуға көмектесетін жобалар".  



Биыл қанша турист келеді деп жоспарлап отырсыздар? Саяхатшылар қай аймақты көбірек тамашалайды?
 

«Негізі 2024 жылғы жоспарға сай 370 мың турист күтудеміз. Жақында бір айдың ішінде жаңадан әуе рейсі ашылды. «Сари-Ақтау, Ақтау–Сари» бағыты бойынша 2024 жылдың қаңтар айында Иран Ислам Республикасымен қосымша әуе рейстердің санын көбейту мен туристер легін арттыру бойынша келіссөздер жүргізілді. Маңғыстау облысына туристер не үшін келеді және неге қызығады? Біз үш бағытта бойынша жұмыс жасаймыз. Бұл теңіз жағалауындағы демалыс орындары, экологиялық туризм және зираттау орындары. Енді өзіңізге белгілі Маңғыстау облысында 360-тан астам әулие жерлер бар. Оның ішінде ең танымалы Бекет ата, Қарман ата, Шақпақ ата жер асты мешіттері. Теңіз жағалауы атап өтетін болсақ, «жылы жағажай» аймағы, «демалыс» аймағы бар. Бұл жерде көптеген туристік нысандар мен демалыс орындары бар. Келушілер сол жерде тынығады. Ал енді экологиялық туризм дейміз көрікті орындар әрі танымал ол «Бозжыра шатқалы», «Шерғала тауы», «Қызылкүп шатқалы», «Боқты тауы», «Қапасай сайы», «Саура сайына» өте көп туристер барады». 


Маңғыстау туризм
  
Туризмнен өткен жылы қанша қаржы түсті? 
 

"2023 жылдың 9 ай есебі бойынша туристерге қызмет көрсету көлемі 12,7 млрд теңгені құрады. Бұған Маңғыстау облысына келуі, қонақүйлерде орналасуы, тамақтануы және туризм саласындағы туроператорлардың қызметтері кіреді. Жергілікті гидтер, экскурсаводтарға келетін болсақ бізде Маңғыстау облысында 15-тен астам туроператор бар. Сол туроператорлардың гидтары бар және де Әбіш Кекілбаев музейінің экскурсологтарымен Шучинск қаласы, Шетпе қаласында Серікбол Қондыбаевта экскурсологтарымыз жұмыс жасайды. Олардың қызмет көрсету сапасын арттыру  мақсатында 2023 жылы Маңғыстау облысы туризм басқармасының бастауымен 50-ден астам гидтер оқытылған болатын. Оның тек 45-і экзамен сертификациядан өтіп, жаңа сертификат алды. Соның 10-ы үш (қазақ, орыс, ағылшын) тілді. Арасында 5 тілді жетік меңгергендерде бар.  Енді әрбір гид әртүрлі нысаналы-жобаларда жұмыс істейді. Мәселен, жақында Германия, Италия, Франциядан келген саяхатшыларға әртүрлі жобалар дайындадық. Бұдан бөлек көптеген шаралар өтті.  Атап айтсақ, ол коммерциялық, жабық, ашық фестивалдер. Мысалға теңіз жағалауында үлкен бір фестиваль өткен. Табиғи қорларды, Каспий жағалауын бейнелеу мақсатында ұйымдастырылған фестивалге Қазақстанның танымал суретшілер қатысты. Бұдан бөлек, жастарға арналған автошеру, пикник ұйымдастырылды. Қазіргі таңда 2023 жылдың желтоқсаннан бастап үлкен туристік портал (mangystau.travel.kz) жұмыс істейді. Ақырындап ақпараттар толықтырылуда. Аталмыш сайтта туристерге арналған қонақүйлердің, гидтардың және туроператорлардың тізімі, тамақтану орындары  және саяхатшыларға Маңғыстауға келердің алдында вертуалды турлар өткізе алады. Орналастыру орындардың саны 100-ден асады. Оған қонақүйлер, хостелдер және теңіз жағажайында орналасқан демалыс орындары жатады".

Есепке қою туралы № KZ38VPY00083153 БАҚ куәлігі 04.12.2023 жылы берілді.