21.11.2026
19:48:12
ru
kz

Алматыда тау туризмін дамытудың бес себебі

17:27
Алматыда тау туризмін дамытудың бес себебі
Фото: Almaty.tv

Алматыны таудың етегіндегі қала деп атайды. Бірақ бізде Шымбұлақ бар болса, тау инфрақұрылымын неге дамыту керек? Бұл туралы Travelpress редакциясы «Almaty Tau Management» ЖШС басқарма төрағасының орынбасары Александр Руденкомен сөйлесті.

Мұның дәл қазір неге қажет екенінің бес себебін атап берсеңіз.

Бірінші себеп - демалыс орны көбейіп, кезек азаяды

Бүгінде демалыс және мереке күндері танымал тау орындарында адам көп. Алматылықтар демалудың орнына кезекте уақыт өткізеді.

Біз бес тау аймағын біріктіруді жоспарлап отырмыз: Шымбұлақ, Кимасар, Бутаковка, Пионер және Ой-Қарағай. Жаңа аспалы жолдар мен маршруттар демалушылар ағынын бөліп, отбасылық серуеннен белсенді туризмге дейін демалыстың көбірек түрін ұсынуға мүмкіндік береді. Тұрғындар үшін бұл бір курорттың жүктемесіне тәуелді болмай, демалыс күнін қайда өткізетінін өзі таңдау мүмкіндігі.

Екінші себеп - тауға ыңғайлы жол

Бүгінде тауға сапар көбіне кептелістен және көлік қоятын орын іздеуден басталады. Біздің міндетіміз - жолды демалыстың өзі сияқты жайлы ету.

Жоба тау етегінде көлік тұрақтарын, тегін электр шаттлдарды және қоғамдық көліктің жаңа маршруттарын қарастырады. Көлікті тау етегінде қалдырып, әрі қарай шаттлмен жүруге болады.

Бұл жолдардағы жүктемені азайтып, жеке көлікке тәуелділікті төмендетеді және тауды өз көлігі жоқ адамдарға да қолжетімді етеді.

Үшінші себеп - тұрғындардың қауіпсіздігі

Тауда демалу үшін әдемі табиғат қана емес, қажет болған жағдайда көмек жақын екеніне сенімділік те маңызды.

Біз көшкінге қарсы қорғанысты, табиғи жағдайларды тәулік бойы бақылауды, құтқару және медициналық пункттерді, жедел әрекет етуге арналған жабдықтарды қарастырып отырмыз.

Алматылықтар үшін бұл тауда серуендеуге, спортпен айналысуға және демалуға қауіпсіз жағдай.

Төртінші себеп - спорт пен демалыс әркімнің қалтасына лайық

Біз таудың тәжірибелі шаңғышыларға ғана емес, балаларға, зейнеткерлерге, ерекше қажеттіліктері бар адамдарға және табысы әртүрлі отбасыларға да қолжетімді болғанын қалаймыз.

Шаңғы мектептерін, бұқаралық спорт бағдарламаларын, нұсқаушыларды оқытуды және жабдыққа қолжетімділікті дамыту жоспарланып отыр. Тұрғындардың жекелеген санаттары үшін жеңілдікті шарттар, ал «Пионер» курортында бейімделген спорт бағдарламалары қарастырылған.

Бұл артық кедергісіз спортпен айналысуға және балаларды белсенді өмір салтына баулуға мүмкіндік береді.

Бесінші себеп - туған қалада табыс табу және мансап құру мүмкіндігі

Тұрғындар үшін тау кластерінің дамуы жаңа демалыс орындары ғана емес, жаңа табыс көздері де.

Алматылықтар кафе, шағын қонақүйлер, прокат пункттерін, экскурсиялық және сервистік компаниялар аша алады. Нұсқаушыларға, инженерлерге, құтқарушыларға, гидтерге және қонақүй бизнесінің мамандарына сұраныс пайда болады.

Almaty Tau Academy арқылы тұрғындар сұранысқа ие мамандықтарды игеріп, өз қаласында жұмыс таба алуы үшін оқыту, тағылымдама және біліктілікті арттыру ұйымдастыру жоспарланып отыр.

Ең бастысы - біз тау кластерін алматылықтардың өмір сапасын арттыру үшін дамытып жатырмыз. Тауға жол аз уақыт алсын, демалыс жайлы әрі қауіпсіз болсын, спорт қолжетімді болсын, ал тұрғындардың табыс табуға және кәсіби өсуге мүмкіндігі көбейсін.

Сондай-ақ оқыңыз:

Есепке қою туралы № KZ16VPY00118275 БАҚ куәлігі 25.04.2025 жылы берілді.
+
Сообщение
+
Заказ звонка
Отправить