Air Astana Қытайдағы маршруттар желісін Гуанчжоуға жаңа рейспен кеңейтетінін хабарлайды. Жаңа рейстер 2025 жылдың 30 наурызынан бастап іске қосылады.
Гуанчжоуға рейстер аптасына үш рет — сейсенбі, бейсенбі және жексенбі күндері Airbus A321LR ұшағымен орындалады. Алматыдан 20:50 ұшып, Гуанчжоуға келесі күні сағат 05:45 келіп қонады. Гуанчжоудан рейс 06:50-де ұшып, Алматыға 10:20-де қайтып келеді. Жергілікті уақыт көрсетілген. Барып-келу билет құны, салықтар мен алымдармен қоса, эконом-класта 281 385 теңгеден, бизнес-класта — 827 491 теңгеден басталады.
«Қытай — Бейжіңге алғашқы рейс 20 жылдан астам уақыт бұрын іске қосылғаннан бері, бизнес және туристік легінің тұрақты өсуін көрсетіп келе жатқан Air Astana үшін стратегиялық маңызды нарық», - деді Air Astana бас атқарушы директоры Питер Фостер. «Гуанчжоуға жаңа рейстің іске қосылуы Air Astana-ның Қытайдағы маршруттар желісін кеңейту жөніндегі маңызды қадам болып табылады».
Гуанчжоу — Қытайдың ең ірі өнеркәсіптік орталығы, әлемдегі жеңіл өнеркәсіп көшбасшысы және тарихы 2000 жылдан астам тарихы бар маңызды экономикалық және мәдени орталығы. Қала Гонконгтан 120 шақырымда солтүстік-батыста орналасқан.
Қазіргі уақытта Air Astana Алматы мен Астанадан Бейжіңге 7 рейс және Алматыдан Үрімшіге 4 рейс орындайды. Қазақстандықтар Қытайға 30 күнге дейін визасыз саяхаттай алады.