Бұл туралы ол Facebook парақшасында жазды.
Солардың ішінде Рабиғаның ең есінде қалғаны ол – Филиппин астанасы Манила қаласы екен. Үш күн бойы алып шахарды аралаған кәсіпкерді ондағы кедей тұрғындардың зиратқа қоныстанғаны таңқалдырыпты. Оған қоса шірік, қоқыс, және мәйіттердің сынықтары шашылған қалашыққа жыл сайын туристер ағылып келеді екен.
«Үш күн бойы астанасы Манилада жүрміз, бір жағы ескі қала болса, бір жағы 60-70 қабатты “небоскреб” үйлер, лухари, іскер аумақ. Ең бірінші күні музей, ескі қаласымен таныстық, бұл елдің туристік көру тізімінде “мазар” (кладбище) бар. Сол мазар қалашығын, туристтік аумақ етіп қойған. Мен баяғыдан жазам, қай елге барсаң да, тал мен тасты, қит еткен жерді, туристік ортаға айналдырып, қаражат табады жұрттың елдері, былай қарап отырсаң мазардың өзі “достопримечательность”. Сол мазарларда халық тұрады, дүкен, кафеге дейін бар, тек балабақшасы жоқ екен. Арғы өмірге кетер алдында, ұзақ мерзімге жалға алады, мерзімі біткен соң, қалған ұрпағы ұзартпаса, қазып алып, басқа адамды салады, қара жердің тапшылығы ай! Үй-күйі жоқтар, сол мазарды паналайды! Сәл ақшаң аз болса, аппартаменты алады, ол көп қабатты мазар, бір-бірінің үстіне 50-60 адамның жәшігі орналасқан көп қатпарлы үйлер», - дейді Рабиға Медет.
Кәсіпкер, Филиппин елі сейсмикалық және жанартау қаупі жоғары Тынық мұхитының өрт сақинасында орналасқанын айтады. Сондықтан да болар Манила шахарында салынған әрбір көпқабатты үй бірнеше баллдық дүмпуге шыдас береді екен.
«Цунами, жер сілкінісі, тайфун, вулкан, нөсер жаңбыр… Көп қабатты ғимараттарының мықтылығы қандай, тек бассейн сыныпты 65-ші қабатта бір рет, былай жер сілкінісіне әбден үйренген», - дейді кәсіпкер.
Филлипин елі кез-келген туристі әсем табиғатымен және ерекше тарихи мұрасымен өзіне баурап алады. Дәл осы тұсы кәсіпкерге де ұнаған сияқты. Филиппин - Оңтүстік-шығыс Азиядағы мемлекет. Тынық мұхиттағы Индонезия мен Тайвань арасында орналасқан көптеген аралдардан тұрады. Халқы 111 млн.
«Біздің Ақтөбе облысындай ғана жер телімінде 110.000.000 (жүз он миллион) халқы тұрады, бұл санға, әр жаққа нан табуға кетіп қалған үй қараушы, бала бағушы, такси, қара жұмысқа кеткендер кірмейді (біздің ауылда СПАның бәрі осы елдің азаматтары). Одан қалса бұл статистикаға, заңсыз туылғандар, құжаты жоқтар кірмейді. Соған қарамастан, бұл ел ЛРТсын сықитып салып тастапты, іскер аудандары мықты. Филиппин елінің атауын, Испандық король Филипп || ге арнап қоя салған, “Филиптікі” дегендей. Басшысын құдайындай көретіндердің ісі. Испандықтар, біреудің еліне басып кіреді де, елдің атын, дінін, тілін өзгертіп, мәңгүрт қылып тастайды сонда. Уақыт өте келе, қаны кім, өзі кім екенін нық айта алмайтын, тарихи арғы аталарын білмей, быт-шыт қан араласқан, басқыншалары билеген надан елге айналады. Қай заман болсада, ауыз біршілігі жоқ елді басу, мәңгүрт қылу оңай. Испандықтар, бұл аралға бірінші рет келгенде, жергілікті басқарушылары бөтенді дос қылып, өз елінің көрші аралдарын қыруға көмектес деген, өз-өздерімен қырылып жүргенде, Испандықтар 250 жыл билігін ойнатқан… Табиғи апаттары аздай, тарихында Испандықтар басып алған, қатыгез Жапондықтар халқын қырып жойған, АҚШ келіп тағы билеген. Сонда да, жармасып, көбейіп, шынашақтай жерде 110 млн жеткен», - дейді Рабиға Махат.