10.10.2025
22:49:33
ru
kz

Астана – Арқалық бағытында қатынайтын пойызда Starlink спутниктік интернеті іске қосылды

Қазақстан жаңалықтары
10.10.2025
16:42
Астана – Арқалық бағытында қатынайтын пойызда Starlink спутниктік интернеті іске қосылды

«Астана – Арқалық» бағытында қатынайтын пойызда Starlink спутниктік интернеті іске қосылды, деп хабарлайды Travelpress.kz.


 

«KAZRAIL» теміржол тасымалдаушысы «Астана – Арқалық» бағыты бойынша жүретін №655/656 пойызында Starlink интернетін пилоттық режимде іске қосты. Жоба биылғы жылдың соңына дейін толық апробациядан өтеді.


 

Тасымалдаушылар жолаушы пойыздарында интернетті  қамтамасыз ету мақсатында кезең-кезеңімен жұмыс жүргізіп келеді. 

Еске сала кетсек, бұған дейін «Жолаушылар тасымалы» АҚ «Астана – Алматы» және «Астана – Өскемен» бағыттарында пилоттық жобаларды іске қосты.

Есепке қою туралы № KZ16VPY00118275 БАҚ куәлігі 25.04.2025 жылы берілді.