Шетелдік туристер еліміздің қай облысына жиі келген?

Қазақстан жаңалықтары
13.03.2025
15:10
Шетелдік туристер еліміздің қай облысына жиі келген?
Еліміздің батысына қай елдердің тұрғындары жиі келеді, деп хабарлайды Travelpress.kz.

Kazakh Tourism «eQonaq» жүйесінің деректерін талдап, Қазақстанның батыс бөлігіндегі орналасу орындарын 2024 жылы жиі таңдаған елдерді анықтады. 

Еліміздің мұнайлы облысына келушілердің белсендігі бойынша Өзбекстан көш бастады. Екінші орынға Ресей тұрғындары орналасты. Үштікті ұлыбританиялықтар қорытындылады. Атырау өңірінің орналасу орындарында АҚШ, Үндістан және ҚХР тұрғындары да жиі тоқтаған. 

Батыс Қазақстан облысына өткен жылы РФ, Өзбекстан және Италия азаматтары көбірек келді. Тәжікстандық, әзербайжандық және ұлыбританиялық қонақтар да Оралды жиі таңдаған.

Ақтөбе облысының орналасу орындарын Өзбекстан, РФ, ҚХР, Үндістан және Тәжікстан тұрғындары белсенді түрде таңдады. Түркия тұрғындары да аймаққа жиі барған. 

Маңғыстау облысына өткен жылы жиі келген топ-5 ел – Өзбекстан, РФ, ҚХР, Әзербайжан және Иран.

 
Есепке қою туралы № KZ38VPY00083153 БАҚ куәлігі 04.12.2023 жылы берілді.