Forbes Italia: Қазақстан - ашық кеңістіктер мен баяу туризмді бағалайтындар үшін трендтік бағыт

Қазақстан жаңалықтары
18.01.2025
09:55
Forbes Italia: Қазақстан - ашық кеңістіктер мен баяу туризмді бағалайтындар үшін трендтік бағыт
Forbes Italia: Қазақстан - ашық кеңістіктер мен баяу туризмді бағалайтындар үшін трендтік бағыт, деп хабарлайды Travelpress.kz.

Forbes Italia туризмнің 2025 жылғы негізгі тенденцияларын белгілеп, Қазақстанды 2025 жылғы трендтік бағыттар тізіміне қосты. Халықаралық басылым еліміздің ашық кеңістіктер мен баяу туризмді (slow travel) бағалайтын саяхатшылар үшін тартымдылығын ерекше атап өтті. 

Мақалада 2023 жылдың маусым айында Қазақстан мен Миландағы Мальпенса әуежайы арасында тікелей маршрут құрылғаны көрсетілген. Бұл елдер арасында туристік ағындардың дамуына және логистиканың жақсаруына септеседі. Мақала авторы жергілікті асхананың алуан түрлілігін де атап өтеді. 

Дүниежүзілік туристік ұйымның болжамына сәйкес 2025 жылы әлемдік саяхаттар 9,7% артады. Forbes Italia саяхаттаушылар тұрақты және аутентикалық әсер алуға ұмтылып, саналы және регенеративті туризмді дамытатынына назар аударады. Олар танымал туристік орындардың шектен тыс толуына байланысты танымалдығы аз, бірақ тартымды бағыттарды таңдайды. 

2025 жылдың негізгі үрлістері ретінде астротуризм, микросаяхат, жоспарланбаған саяхат, регенеративті және тұрақты туризм, иммерсивті технологиялар қолданылатын виртуалды саяхат көрсетілген. 

Атап өткен жөн, бұған дейін беделді британдық «Lonely Planet» басылымы Қазақстанды 2025 жылы саяхаттауға арналған ең үздік бағыттардың бірі ретінде атаса, CNN Travel Алматыны биылғы тартымды орындардың тізіміне қосты.
Есепке қою туралы № KZ38VPY00083153 БАҚ куәлігі 04.12.2023 жылы берілді.