Алматы әуежайын тағы да өзгерістер күтіп тұр

Қазақстан жаңалықтары
09.10.2024
13:05
Алматы әуежайын тағы да өзгерістер күтіп тұр
Алматыда әуежайдың дамуы мен жұмысын жақсарту мәселесі талқыланды, деп хабарлайды Travelpress.kz.

Алматы әкімі Ерболат Досаев TAV Airports Holding бас директоры Серкан Каптанмен кеңес өткізді. Олар мерзімінен екі ай бұрын ашылған әуежайдың жаңа халықаралық терминалының дамуын талқылады

Қала басшысының айтуынша, қызмет көрсету сапасын артады делінгенімен, дренаж жүйесінің істен шығуы, эскалаторлардың дұрыс жұмыс істемеуі, жүк беру кезінде кідіріс сыды бірқатар кемшілік анықталған.

Серкан Каптан бірқатар қиындыққа тап болғанын айтып, бұрын анықталған кемшіліктердің жойылғанын хабарлады. Қазіргі уақытта дренаж жүйесін қалпына келтіру аяқталып келеді, телетраптарды ауыстыру, тіркеу, күту және жүк беру аймақтарын кеңейту жұмыстары қолға алынған.

Енді ұшу-қону жолағы мен перрондарды жаңарту, жабдықтар паркін жаңғырту жоспарланып отыр. Сонымен қатар, көлік легі және автотұрақ жетіспеушілігі мәселесі талқыланды. Қарбалас сәтте әуежайға кіру 45 минутқа дейін созылуы мүмкін. Қазірдің өзінде 551 орынға арналған 3 тұрақ аймағы ашылған, алдағы уақытта 1000 орындық көпқабатты автотұрақ салу жоспарға енген. 

Тараптар әуежайдың инфрақұрылымын жақсарту үшін бірлесіп жұмыс істеуге дайын екендігін айтты.
Есепке қою туралы № KZ38VPY00083153 БАҚ куәлігі 04.12.2023 жылы берілді.