2023 жылы Алматы бюджетіне туризм секторы 160 миллион доллар табыс әкелді

Қазақстан жаңалықтары
25.04.2024
21:15
2023 жылы Алматы бюджетіне туризм секторы 160 миллион доллар табыс әкелді
Алматы қаласының туризм секторы 2023 жылы 160 миллион доллар табыс әкелді, деп хабарлайды Travelpress.kz.


Бұл туралы «Kazakh Tourism» ҰК» АҚ баспасөз қызметі мәлім етті.


Алматы қалсында KITF 2024 «Туризм және саяхат» көрмесінің екінші күнінде«Kazakh Tourism» ҰК» АҚ ұйымдастыруымен «Қазақстанның келу және ішкі туризм жаңалықтары» панельдік сессиясы өтті.

Алматы қаласының бюджетіне түсетін салық түсімдері 2023 жылы 160 миллион долларға дейін өсті, бұл өткен жылғы деректерден 64%-ке артық.

Егер бұрын бізге ТМД-дан туристер жиі келетін болса, бүгінде Алматыны таңдайтын ТОП-5 елге Үндістан, ҚХР, Түркия, АҚШ және Оңтүстік Корея кіреді.

«Complete Service» халықаралық туристік компаниясының Президенті, Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының бас серіктесі Әбілхан Сәрсенбаев ойындарда 100 мыңнан астам турист, 3 мыңға жуық қатысушы мен ресми тұлғалар күтілетінін айтты. Қазіргі уақытта 70-тен астам ел қатысатынын растады.

«Kazakh Tourism» ҰК» АҚ Халықаралық нарықтар департаментінің директоры Айнұр Жұматаева Қазақстандағы ішкі және келу туризмінің болашағы туралы ақпаратпен бөлісті.

Сондай-ақ, туристік өнімдерді дамыту департаментінің менеджері Ақбота Дәурен қатысушыларға «Сапа белгісі»бағдарламасымен таныстырып, туризм саласындағы кәсіпорындар үшін ерекше белгілерін алу критерийлері және оның маңыздылығы туралы айтты.
Есепке қою туралы № KZ38VPY00083153 БАҚ куәлігі 04.12.2023 жылы берілді.