Треви деп аталатын әлемдегі ең әдемі субұрқақ Римде орналасқан. 2023 жылы саяхатшылар осы субұрқаққа 36 тонна тиын тастаған. Бұл 2006 жылдан бергі жаңа рекордтық көрсеткіш, деп хабарлайды Il Gazzettino.
Ақшадан бөлек субұрқақта көзілдірік, сағат, білезік, сақина, покер чиптері, гитара ойнайтын медиаторлар мен тіс протездері табылды.
Бұл заттардың барлығын бақылайтын жұмысшылар аптасына үш рет жинайды.
2022 жылы субұрқақ 1,433 млн еуро кіріс әкелді. Егер артқа қарап, оң қолымен монета тастаған жан Римге тағы келеді деген түсінік қалыптасқан.
Треви - Италиядағы ең үлкен субұрқақ. Оның ені 20 метрге, ал биіктігі 26 метрге жетеді.
Есепке қою туралы № KZ200123 БАҚ куәлігі 10.12.2023 жылы берілді.