АҚШ-тың Нассаудағы елшілігінің мәліметінше, демалыс жұмағы саналатын Багам аралдарының курорты саяхатшылар үшін қауіпті саналады, деп хабарлайды Travelpress.kz.
Бұл жерлерде ауыр қылмыспен қатар демалушыларға акула шабуыл жасайды.
Айта кетейік, осы жылдың қаңтар айында қылмыскерлердің қолынан 18 адам қайтыс болды. Ауыр қылмыстардың ішінде кісі өлтіру, тонау және жыныстық зорлық-зомбылық бар.
Дегенмен де, аралдарға барып, демалуды жоспарлаған болсаңыз, жалға алынған нысанда өте сақ болғаныңыз абзал. Елшілік кісі өлтіру әр түрлі уақытта, соның ішінде күндіз көшеде болғанын атап өтті. Сондай-ақ белгісіз адамдарға есік ашпауды және тонау әрекеттеріне қарсы тұрмау сияқты кеңестерін де айтты.
Есепке қою туралы № KZ38VPY00083153 БАҚ куәлігі 04.12.2023 жылы берілді.