13.05.2025
20:59:23
ru
kz

Қытайдың Харбин қаласына үш күнде 3 миллионнан астам турист келген

Шетелдік жаңалықтар
05.01.2024
18:45
Қытайдың Харбин қаласына үш күнде 3 миллионнан астам турист келген
Бұл соңғы бес жылдағы рекордтық көрсеткіш. Жаңа жылдық демалыста Қытайдың Хэйлунцзян провинциясының орталығы Харбин қаласына 3,5 миллионға жуық шетелдік қыдырып келген.

Бұл туралы Синьхуа ақпарат агенттігі жазды.

ҚытайҚала бюджетіне 5,91 миллиард юань түскен. Яғни, 832,39 млн долларды құрайды.
Туризм 
Қалалық туризм департаментінің қызметкері Ван Хунсиннің айтуынша, Харбинге туристердің келуіне басты себеп, шахардың көрікті жерлері әлеуметтік желілерде аса танымал. Сондықтан аталмыш қала бүгінде елдің ең танымал туристік бағытына айналып отыр.
 
Есепке қою туралы № KZ16VPY00118275 БАҚ куәлігі 25.04.2025 жылы берілді.