03.02.2026
23:37:17
ru
kz

Танымал блогерлер Қазақстанның Швейцариясы - Катон-Қарағай туралы арнайы репортаж түсіріп қайтты

Қазақстан жаңалықтары
03.02.2026
11:21
Танымал блогерлер Қазақстанның Швейцариясы - Катон-Қарағай туралы арнайы репортаж түсіріп қайтты

Жақында танымал ерлі-зайыпты блогер Ернар Алмабек пен Жазира Байдалы YouTube арнасындағы «Саяхат time» айдарында Шығыс Қазақстанның інжу-маржаны - Катон-Қарағай ауданы туралы арнайы репортажды көпшілікке ұсынды. Аудан жасыл орманымен, кербез, кермарал кербұғысымен, шипалы Рахман қайнарымен, асау Бұқтырмасымен танымал. Блогерлер түсірілім барысында өңірдің ең көрікті әрі тарихи орындарын аралап, жергілікті халықтың тұрмыс-тіршілігімен танысты.
 

Ерлі-зайыпты бейнесюжетте Катон-Қарағайға қалай жылдам әрі тиімді жетуге болатынын айтып, Катондағы ескі ғимарат пен қара базарды аралады, жергілікті өнімдер сататын дүкендерге кіріп, ауыл өмірінің ерекшеліктерін көрсетті. Сондай-ақ, Берел ауылына қонақ болып барып, сақ қорғандарынан табылған бірегей жәдігерлермен танысты.
Сапар барысында блогерлер аспанмен таласқан Мұзтау шыңын көріп, әдемілігіне таңқалысты. Олар бұл жердің сұлу табиғаты адамды бірден баурап алатынын ерекше атап өтті. Шығыс-Қазақстанның інжу-маржанын көруге туристер де ағылады. Сұхбат барысында жергілікті тұрғындар Катон-Қарағайдың Қазақстандағы ең әдемі ауылдардың бірі екенін мақтанышпен жеткізді.
Бейнежазбаның астына көрермен Катон-Қарағайдың көз тартар сұлулығын ерекше атап өтіп қана қоймай, өңір туралы бұрын-соңды естімеген қызықты ақпарат білгендерін жарыса жазып жатыр.
Бейнеролик сілтеме арқылы қолжетімді.

Есепке қою туралы № KZ16VPY00118275 БАҚ куәлігі 25.04.2025 жылы берілді.
+
Сообщение
+
Заказ звонка
Отправить