19.09.2024
22:05:13
ru
kz

Дубайда толассыз жауынның салдарынан қазақстандықтар Алматыға ұша алмай отыр

Шетелдік жаңалықтар
11.03.2024
10:40
Дубайда толассыз жауынның салдарынан қазақстандықтар Алматыға ұша алмай отыр
Air Astana әуекомпаниясының Дубай-Алматы бағытындағы КС 898 рейсі қатты жауын-шашынның салдарынан кешігіп ұшады, деп хабарлайды Travelpress.kz.

Бұл туралы Air Astana әуекомпаниясының баспасөз қызметі мәлім етті.

Оған қоса ұшақ жермен жүрген кезде техникалық ақау анықталды.

«Сонымен қатар, экипаждың жұмыс уақыты өтіп кетті. Сондықтан бұл рейс Дубай уақыты бойынша сағат 10:00-ге ауыстырылды. Жолаушылар трансфермен, қонақ үйге орналасумен және тамақпен қамтамасыз етіледі», - делінген хабарламада.

 
Әуекомпания рейсті кейінге қалдыруға байланысты қолайсыздықтарға өкінеді.
 
Есепке қою туралы № KZ200123 БАҚ куәлігі 10.12.2023 жылы берілді.