09.01.2026
14:11:23
ru
kz

Тас жолдардың жабылуына байланысты ҚТЖ 17 қосымша тіркемелі вагон енгізді

Басты жаңалықтар
08.01.2026
17:41
Тас жолдардың жабылуына байланысты ҚТЖ 17 қосымша тіркемелі вагон енгізді

Тас жолдардың жабылуына байланысты ҚТЖ стандартты пойыз құрамдарына 17 қосымша тіркемелі вагон енгізді, деп хаьарлайды Travelpress.kz.




Бұл туралы «Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметі мәлім етті. 



Тас жолдардың жабылуына байланысты ҚТЖ жолаушылардың қозғалыс мүмкіндігін қамтамасыз ету мақсатында қосымша шараларды қабылдауда.


 

Бұған дейін іске қосылған қала маңындағы электр пойыздарымен қатар, компания стандартты пойыздарда жолаушыларды отырғызуды ұйымдастырады. 


Теміржол көлігінің өткізу қабілетін арттыру мақсатында төмендегі алыс бағыттағы пойыздардың құрамына 17 қосымша тіркемелі вагон енгізілді:

 

• № 45 «Түркістан – Павлодар»;

• № 4 «Астана – Алматы»;

• № 47 «Астана – Атырау»;

• № 323 «Астана – Петропавл»;

• № 139 «Павлодар – Пресногорьковск».


 

ҚТЖ жолаушылардың қауіпсіздігі мен жайлылығын қамтамасыз ету үшін барлық қажетті шараларды қабылдауды жалғастырып, азаматтарды сапарларын жоспарлау кезінде ауа райы жағдайларын ескеруге шақырады.


 

 


 

Есепке қою туралы № KZ16VPY00118275 БАҚ куәлігі 25.04.2025 жылы берілді.
+
Сообщение
+
Заказ звонка
Отправить