06.12.2024
19:54:38
ru
kz

Өткен жылы Түркістан облысы, Сауран ауданына 85 мыңнан аса турист келген

Басты жаңалықтар
04.03.2024
13:09
Өткен жылы Түркістан облысы, Сауран ауданына 85 мыңнан аса турист келген
Түркістан облысы Сауран ауданына былтыр 85 мыңнан аса турист пен қонақ келді, деп хабарлайды Travelpress.kz.

Сауран ауданында 56 тарихи-мәдени нысан бар. Бұл нысандардың ішінде туристер қызығушылық танытып, көптеп келетін орындар – Ескі Сауран қалашығы мен Үкаша ата, Жүсіп ата кесенелері. Өткен жылы тарихи-мәдени нысандарға 85 579 турист пен қонақ келген.

Бұл туралы Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі мәлім етті.

Бүгінде туристерге қолайлы жағдай жасау мақсатында Сауран қалашығынан «Сапар» орталығының құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатыр. Қазіргі таңда ғимарат қабырғалары тұрғызылған. Биыл құрылыс жұмыстары толықтай аяқталып, пайдалануға беріледі.
 
Бұдан өзге демеушілер есебінен 97 млн теңгеге «Жүсіп ата» кесенесінің айналасына абаттандыру құрылыс жұмыстары жүргізілді.

2023 жылы 1,1 млрд теңгеге инвестиция тартылып, жоспар 110 % орындалды.
 
Есепке қою туралы № KZ38VPY00083153 БАҚ куәлігі 04.12.2023 жылы берілді.