«Туристік Қамқор» туристердің құқықтарын кепілдендіру қоры мен ҚР ТСМ Туризм индустриясы комитетінің қолдауымен азаматтардың өтінішін тәулік бойы қабылдайтын жедел желіні іске қосты, деп хабарлайды Travelpress.kz.
Телефон: +7 700 112 21 12 (WhatsApp және Telegram арқылы да қолжетімді)
Биылғы шілде айынан бері жедел желіге 400-ден астам өтініш түсті. Барлық өтініш қор мамандары тарапынан мұқият қарастырылып, туристерге кеңес, түсіндіру және қажетті көмек көрсетілді.
Жедел желі азаматтарға мына бағыттар бойынша қолдау көрсетеді:
1.туристердің құқықтары мен мүдделерін қорғау;
2.шетелдегі күтпеген жағдайларда кеңес беру және ақпараттық қолдау;
3.ресми тізімге енгізілген туроператорлар туралы мәліметтерді ұсыну.
«Туристік Қамқор» қоры отандық туристердің қауіпсіздігі мен құқықтарын қамтамасыз ету мақсатында құрылған. Барлық өтініштер тұрақты бақылауда болады.