06.12.2024
19:44:06
ru
kz

Мемлекет басшысы Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосыновты қабылдады

Басты жаңалықтар
26.11.2024
16:46
Мемлекет басшысы Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосыновты қабылдады
Мемлекет басшысы Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосыновты қабылдады, деп хабарлайды Travelpress.kz.

Ербол Мырзабосынов: Отандық спорт саласын кешенді реформалау жөнінде бұған дейін берілген Президент тапсырмаларының орындалу барысын баяндады;

Балалар мен жасөспірімдер спортын дамыту, төрешілер мен мамандар біліктілігін арттыру, легионер санын азайту, федерациялар жұмысын оңтайландыру бағытында атқарылған жұмыстар туралы есеп берді:

      – салаға вертикалды басқару жүйесін енгізу шаралары басталған. Осы мақсатта министрлік жанынан арнайы құрылған топ мүшелері өңірлердегі спорт саласының жағдайына жан-жақты талдау жүргізген;

      – қолданыстағы «Дене шынықтыру және спорт туралы» Заңға негізгі басымдықтарды айқындайтын өзгерістер мен толықтырулар енгізу үшін жұмыс тобы құрылған;

      – халықаралық федерациялармен ынтымақтастық аясын кеңейту, спорт инфрақұрылымдарын жетілдіру үшін жүйелі жұмыс жүргізіліп жатыр;

Еліміздің туристік әлеуетін арттыру шаралары туралы мәлімет берді:

      – шетелдік саяхатшыларға түрлі мүмкіндіктер ұсынатын Neo Nomad Visa жобасы іске қосылған;

      – Президент тапсырмасына сәйкес, Алматы тау кластерін, Маңғыстау және Бурабай курорты аймақтарында жағажай туризмін дамыту жөнінде кешенді жоспар әзірленуде;

      – Ойын бизнесін және лотереяны реттеу комитеті құрылып, лудоманияға қарсы күрес қолға алынған.


Қасым-Жомарт Тоқаев министрге спорт және туризм салаларын одан әрі жетілдіру жөнінде бірқатар нақты міндет жүктеді. Атап айтқанда, алдағы уақытта өтетін халықаралық спорт додаларына дайындық деңгейін пысықтауды, сондай-ақ елімізде танымалдығы артып келе жатқан падел спортын ілгерілетуге назар аударуды тапсырды.
 
Есепке қою туралы № KZ38VPY00083153 БАҚ куәлігі 04.12.2023 жылы берілді.