Қазақстан Республикасының БҰҰ жанындағы Тұрақты Өкілі Ақан Рахметуллин және Сент-Китс және Невис Федерациясының БҰҰ жанындағы Тұрақты Өкілі Мютрис Уильямс Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Сент-Китс және Невис Федерациясының Үкіметі арасындағы визалық талаптардан өзара босату туралы келісімге қол қойды, деп хабарлайды Travelpress.kz.
Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі мәлім етті.
Келісім паспорттардың барлық түрлеріне 90 күнтізбелік күнге дейін визасыз кіруді көздейді.
Аталған келісім тараптар арасында дипломатиялық арналар арқылы қажетті мемлекетішілік рәсімдердің аяқталғаны туралы жазбаша хабарламаларды алғаннан бастап 90 күннен кейін күшіне енеді.
Айта кететін жайт, ҚР Сыртқы істер министрлігі еліміздің шет елдердегі мекемелерімен бірлесіп, Қазақстан азаматтарын визалық талаптардан босататын елдердің географиясын кеңейту бойынша тұрақты негізде белсенді жұмыс жүргізуде.
Бұл жұмыстың негізгі мақсаты – қазақстандық паспорттың және жалпы ҚР азаматтығының беделін одан әрі нығайту. Сонымен қатар, визалық талаптардан өзара босату шетелдік туристерді және Қазақстанға тікелей шетелдік инвестицияларды тартуға ықпал етеді.
Сент-Киттс және Невис Қазақстан Республикасының ұлттық паспорттар иелерінен визаны талап етпейтін 40-шы ел болып атанды.
Есепке қою туралы № KZ38VPY00083153 БАҚ куәлігі 04.12.2023 жылы берілді.