Астана қаласында Қазақстан Республикасы мен Мысыр Араб Республикасының авиациялық билігі арасында екі жақты келіссөздер жүргізілді, деп хабарлайды Travelpress.kz.
Бұл туралы ҚР Көлік министрлігінің баспасөз қызметі мәлім етті.
Қазақстандық делегацияны Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Азаматтық авиация комитетінің төрағасы Салтанат Томпиева, Мысыр тарапын Мысыр авиация министрлігі Авиациялық әкімшілігінің әуе көлігі жөніндегі Мемлекеттік хатшысының орынбасары Хешам Абдель Басет мырза басқарды.
Келіссөздер қорытындысы бойынша тараптар елдер арасындағы рұқсат етілген рейстердің жалпы санын аптасына 14-тен 48-ге дейін, сондай-ақ әрбір тарап үшін рұқсат етілген тармақтарды 2-ден 3-ке дейін ұлғайтуға уағдаласты.
Сондай-ақ, тағайындалған тасымалдаушылардың саны артты. Мәселен, қазақстандық тарап қолданыстағы "Air Astana" және "SCAT" тасымалдаушыларына "Fly Aystan" әуе компаниясын елдер арасындағы тұрақты рейстерді орындауға тағайындады. Мысыр тарапы өз кезегінде қолданыстағы "Egypt Air", "Egypr Air Cargo" және "Air Cairo" тасымалдаушыларына "Red Sea" және "Nile Air" тағайындады.
Сонымен бірге, қол жеткізілген келісімдер бойынша екі елдің әуе компаниялары өзара коммерциялық келісімдер жасай алады.
Қол жеткізілген уағдаластықтар негізінде екі тараптың тағайындалған әуе компаниялары рейстерсанын ұлғайтуды және елдер арасындағы ұшу географиясын кеңейтуді жоспарлап отыр.
Есепке қою туралы № KZ38VPY00083153 БАҚ куәлігі 04.12.2023 жылы берілді.