07.12.2024
06:30:11
ru
kz

Елордада ШЫҰ саммитінің өтуіне байланысты әуе кеңістігінде уақытша шектеу енгізілді

Басты жаңалықтар
01.07.2024
12:38
Елордада ШЫҰ саммитінің өтуіне байланысты әуе кеңістігінде уақытша шектеу енгізілді
28 маусымнан бастап Астана қаласының әуежайындағы рейстердің кешігуі 3-4 шілдеге жоспарланған Шанхай ұйымының саммитіне дайындық шеңберіндегі ҚР Қорғаныс министрлігі ұшақтарының дайындық жүргізуіне орай Астана қаласының әуежайындағы әуе кеңістігінің уақытша жабылуымен байланысты орын алып отыр, деп хабарлайды Travelpress.kz.

Бұл туралы ҚР Көлік министрлігінің баспасөз қызметі мәлім етті. 

Дайындық мақсатындағы рейстер 30 маусымға дейін сағат 09.25-тен 10.20-ға дейін орындалатын болады.
 
Осыған орай орын алып отырған уақытша шектеулерге түсіністікпен қарауды сұраймыз. Жолаушыларға осы уақыт аралығында әуе компанияларынан ұшу уақытын алдын ала нақтылап алу ұсынылады.
 
Бұған дейін әуе компаниялары мен Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі бұқаралық ақпарат құралдары арқылы жолаушыларды алдын ала хабардар ету, сондай-ақ sms хабарламалар мен электрондық хаттарды жіберу арқылы жұмыс жүргізген болатын.
 
Сонымен бірге әуе кеңістігінің уақытша жабылуына орай болып жатқан кідірістер басқа қалаларда, атап айтқанда Астана және Алматы қалаларындағы рейстердің кешігуіне әкеп соғуы мүмкін екенін атап өткен жөн.
 
 
 
 
 
 
 
Есепке қою туралы № KZ38VPY00083153 БАҚ куәлігі 04.12.2023 жылы берілді.