Бұл туралы ҚР Туризм және Спорт министрі Ермек Маржықпаев Instagram-дағы парақшасында жазды.
Жиында дирекция өкілдері қазіргі уақытта талқылау кезеңі жүріп жатқан спортшылардың керек-жарақтары, естелік бұйымдар және медаль үлгілері туралы баяндама жасап, жөндеу жұмыстары жүріп жатқан спорт кешендерінің қазіргі жағдайы туралы айтып берді.
Сонымен қатар, Халықаралық ғылыми-практикалық конференция тұжырымдамасының жобасы таныстырылды, оның жұмысы Ғылым және жоғары білім министрлігімен бірлесіп жүргізілді.
«Мемлекет басшысы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарын өткізу еліміз үшін маңызды іс-шара екенін айтып, жарысты жоғары деңгейде өткізуді тапсырған болатын. Осындай дүбірлі доданы өткізу арқылы еліміздің мәдениетін, салт-дәстүрін шетелдік қонақтарға таныстыра аламыз. Сондай-ақ осы Ойындар арқылы Қазақстанға шетелдік туристерді көптеп тартамыз», - деді Ермек Маржықпаев.