20.05.2024
10:40:06
ru
kz

Дубай әуежайы уақытша жабылды: Алматы-Дубай-Алматы бағытындағы барлық рейстер тоқтатылды

Басты жаңалықтар
18.04.2024
15:15
Дубай әуежайы уақытша жабылды: Алматы-Дубай-Алматы бағытындағы барлық рейстер тоқтатылды
Air Astana Алматы-Дубай-Алматы бағыты бойынша 17 сәуірге жоспарланған КС897/КС898 рейстері Дубай әуежайының жабылуына байланысты тоқтатылды, деп хабарлайды Travelpress.kz.

Жолаушылар билеттерді басқа күндерге қайта брондай алады немесе сатып алу орны бойынша құнын қайтара алады.

Астана-Дубай бағыты бойынша 17 сәуірдегі КС205 рейсі бару пункттегі әуежайдың жабылуына байланысты Фуджейра қаласының әуежайына қонды. Дубайға ұшу уақыты 18 сәуір жергілікті уақыт бойынша 08:20 жоспарланған. Дубай-Астана бағыты бойынша КС206 рейсі жергілікті уақыт бойынша 18 сәуір 10:00-ге ауыстырылды.

Дубайға ұшу кестесінде басқа өзгерістер болып жатса, әуекомпания қосымша хабарлайды. Әуежайға барар алдында әуекомпанияның ресми сайтында рейстің статусын тексеруді сұраймыз.

Air Astana Дубайдағы қатты нөсерден туындаған қолайсыздықтарға өкініш білдіріп, әуежайдың жұмысы тез уақытта қалпына келетініне үміттенеді.
Есепке қою туралы № KZ200123 БАҚ куәлігі 10.12.2023 жылы берілді.