02.06.2025
03:28:08
ru
kz

Астанадан Ақтөбеге қосымша әуе рейстері ашылады

Басты жаңалықтар
08.10.2024
18:05
Астанадан Ақтөбеге қосымша әуе рейстері ашылады
Qazaq Air Астанадан Ақтөбеге қосымша әуе рейстерін ашады, деп хабарлайды Travelpress.kz.

Qazaq Air әуекомпаниясы 10 қазаннан бастап Астанадан Ақтөбеге күнделікті рейстерге келесі кесте бойынша қосымша ұшуларды енгізеді:
 
Сейсенбі және бейсенбі күндері:
IQ 385 Астана (07:45) - Ақтөбе (09:50)
IQ 386 Ақтөбе (10:30) – Астана (12:20)
 
Ақтөбеден Астана арқылы Қызылорда, Новосибирск, Екатеринбург, Омбы және Қостанай қалаларына қосылатын рейстер арқылы саяхаттауға болады.
Рейстердің ұлғаюы – әуе көлігі тасымалының қолжетімділігін арттырып, елдің ішкі туризмін дамытуға ықпал етеді.
 
Билеттерді www.flyqazaq.com ресми сайтынан, сондай-ақ әуекомпанияның сату кеңселерінде брондауға және сатып алуға болады.  
Есепке қою туралы № KZ16VPY00118275 БАҚ куәлігі 25.04.2025 жылы берілді.