25.10.2024
03:14:37
ru
kz

Астана әуежайында жолаушылардан 2 мыңға жуық тыйым салынған зат тәркіленді

Басты жаңалықтар
09.02.2024
20:24
Астана әуежайында жолаушылардан 2 мыңға жуық тыйым салынған зат тәркіленді
Елорда әуежайының авиациялық қауіпсіздік қызметінің инспекторлары жыл басынан жолаушыларды тексеру пунктерінде 2 мыңға жуық тыйым салынған зат анықтады, деп хабарлайды Travelpress.kz.

Бұл туралы Астана халықаралық әуежайының баспасөз қызметі мәлім етті.
 
Тексеру барысында көзге ерекше түскен заттардың қатарында 200 шамасында қаруға ұқсас ойыншықтар мен сувенирлер, сондай-ақ тез тұтанатын 174,25л сұйықтық пен 15-ке жуық пиротехникалық заттар болған.
 
Сонымен қатар, тыйым салынған заттарға қатысты 16 материал сот және құқық қорғау органдарына жіберілді.
 
Жолаушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында сыйымдылығы 100 мл-ден асатын контейнерлердегі кез келген сұйықтықты (су, сусындар, қырынуға арналған көбік және т.б.), әсіресе белгісіз құрамдағы заттар мен сұйықтықтарды (зауыттық қаптамасыз, техникалық паспортсыз және сертификатсыз) қол жүгімен тасымалдауға тыйым салынады.
 
Астана әуежайының әуе қауіпсіздігі қызметі багажды жинау барысында жолаушыларға барынша жауапкершілік танытып, қол жүгі мен багаж тасымалдауда тыйым салынған заттардың тізімімен алдын ала танысуға кеңес береді.
 
Тыйым салынған заттардың тізімімен біздің ресми сайтта www.nn-airport.kz немесе төменде көрсетілген сілтемеден таныса аласыздар.
 
Есепке қою туралы № KZ200123 БАҚ куәлігі 10.12.2023 жылы берілді.