Күні кеше ғана Алматы облысының әкімдігі мен бір топ инвесторлар арасында Ой-Қарағай шипажайын дамыту жобасына қажетті жағдайлар жасау және қолдау көрсету туралы Меморандумға қол қойылды.
«Қол жеткізілген уағдаластықтардың аясында 2028 жылға дейін тау курортын кеңейту, атап айтқанда аспалы жолдар салу, шаңғы трассаларының ұзындығын ұлғайту, еңістерді, парапландар, глампинг алаңдарын жабдықтау, мейрамханалар, көлдер мен этноқалашық салу жоспарлануда», - деп хабарлады Алматы облысы әкімдігі баспасөз қызметі.
Жобаны жүзеге асыру барысында Алматы облысы әкімінің орынбасары Рустам Исатаев баяндағандай, негізгі үш бағыт бойынша мемлекеттік қолдау шаралары белгіленді.
2023 жылдың 11 айындағы жағдай бойынша туризм секторындағы негізгі капиталға салынған инвестиция 51 млрд теңгені құрады, қызметкерлерді тарту 1750 адамды құрайды.