04.12.2024
13:06:20
ru
kz

Air Astana мұздан тазартатын машиналар паркiн жаңартуда

Басты жаңалықтар
02.12.2024
10:18
Air Astana мұздан тазартатын машиналар паркiн жаңартуда
Air Astana мұздануға қарсы машиналар паркiн жаңартуды жалғастыруда, деп хабарлайды Travelpress.kz.

Air Astana әуекомпаниясы жерүсті жабдықтарын кезең-кезеңімен жаңарту жұмыстарын жалғастырып, биылғы күзгі-қысқы маусымда Vestergaard компаниясының Elephant® BETA Flex-liner екі жаңа мұздануға қарсы машинасын сатып алды. Бұл модельдегі алғашқы екі машинаны әуекомпания 2023 жылы сатып алған. 

"Мұздануға қарсы өңдеу – күзгі-қысқы маусымда ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ететін ұшу дайындығының маңызды қадамы. Жоғары қауіпсіздік стандарттарын қатаң сақтай отырып, қолайсыз ауа райының өз рейстердің уақытылы орындалуына әсерін азайту үшін, әуекомпания заманауи мұздануға қарсы машиналарға инвестиция салуда", – деп атап өтті Air Astana техникалық қызмет көрсету жөніндегі аға менеджері Аслан Әбілпейісов.


Elephant® BETA Flex-liner Астана қаласының қатаң климаттық жағдайларында әуе кемелерін тиімді және қауіпсіз өңдеуді қамтамасыз етеді. Телескопиялық форсункалар процесті жылдамдатып, температура мен сұйықтық шығынын азайтады, ал үлкейтілген бактар көбірек әуе кемелерін өңдеуге мүмкіндік береді.  

 Бүгінгі таңда әуекомпанияның Астана қаласындағы базасында 4 Elephant® BETA Flex-liner (Дания) және 4 FMC LMD 2000 (АҚШ) мұздануға қарсы машиналары бар. Air Astana мұздануға қарсы машиналар паркін жаңарту жұмыстарын 2025 жылы да жалғастыруды жоспарлап отыр.
Есепке қою туралы № KZ38VPY00083153 БАҚ куәлігі 04.12.2023 жылы берілді.