09.12.2024
12:42:04
ru
kz

2029 жылға дейін жолаушылар вагондарының 1200 бірлігін сатып алу жоспарлануда - Марат Қарабаев

Басты жаңалықтар
29.11.2024
15:55
2029 жылға дейін жолаушылар вагондарының 1200 бірлігін сатып алу жоспарлануда - Марат Қарабаев
ҚР көлік министрі Марат Қарабаев Үкімет отырысында теміржол жылжымалы құрамын және вагондар паркін жаңарту бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы баяндады, деп хабарлайды Travelpress.kz.

Ол қазіргі уақытта локомотив паркінің жалпы саны шамамен 1,8 мың бірлікті құрайтынын хабарлады. Тозу деңгейі – 61%.

«Жылжымалы құраммен қамтамасыз ету және парктің тозу деңгейін төмендету мақсатында биыл 185 локомотив сатып алынды. Келесі жылы 187 бірлік сатып алу жоспарланған, ал одан кейінгі үш жылда тағы 257 локомотив жеткізіледі деп күтілуде. Бұл локомотивтердің жетіспеушілігін толық жоюға ықпал етеді», — деді Марат Қарабаев.


Көлік министрлігінің мәліметінше, жүк вагондарының жалпы паркі 139 мың вагонды құрайды.Нарықта 300-ден астам жеке операторлар жұмыс істейді. Оның ішінде «Қазақстан темір жолына»  38 мың вагон тиесілі, олар әлеуметтік маңызы бар тасымалдарға, яғни еліміздің энергетикалық секторына және халыққа жеткізілетін көмірді тасымалдауға жұмылдырылған.

 2026 жылға дейін ұлттық оператор қосымша 3 мың ашық вагон сатып алуды жоспарлап отыр, оның 800 бірлігі биыл пайдалануға берілді.

«Жолаушылар вагондары паркіне де ерекше назар аударылуда. Өткен жылы 118 жаңа вагон сатып алынса, биыл – 143 бірлік жеткізіледі. Келесі жылы 226 вагон сатып алу жоспарланған. Жалпы, 2029 жылға дейін 1 мың 200-ге жуық жолаушылар вагондары сатып алынады, нәтижесінде вагон паркі 3 мың бірліктен асып, оның тозу деңгейі 38%-ға дейін төмендейді. Осы міндеттерді орындау үшін отандық өндірушілердің вагондарын сатып алу мүмкіндігімен жалға беретін Біріккен лизингтік компания құру ұсынылады», — деп мәлімдеді Марат Қарабаев.

Есепке қою туралы № KZ38VPY00083153 БАҚ куәлігі 04.12.2023 жылы берілді.