07.12.2024
07:18:06
ru
kz

Жолаушы пойызға үлгермей қалған жағдайда не істеу керек?

Қазақстан жаңалықтары
10.10.2024
14:15
Жолаушы пойызға үлгермей қалған жағдайда не істеу керек?
Егер жолаушы пойызға үлгермей қалған жағдайда не істеу керек, деп хабарлайды Travelpress.kz.

Жолаушылардың арасында пойызға кешігіп қалу жиі кездесетін қолайсыз жағдайлардың бірі. «Жолаушылар тасымалы» АҚ пойызға кешігіп қалған жағдайда қандай шаралар қабылдау қажет екенін еске салады.

Бұл туралы «Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметі мәлім етті.

Алдымен вокзалдағы билет кассасына барып, жағдайды кассирге хабарлау қажет. Жолаушы пойызға кешіккен жағдайда, билеттің құнын жартылай қайтара алады. Алайда, бұл әрекетті пойыз билетте көрсетілген станциядан шыққаннан кейін бір сағат ішінде жүзеге асыру керек.
Ақшаны қайтару үшін жеке куәлік пен билетті көрсету керек. Кассир қажетті құжаттарды рәсімдеп, орын бар болған жағдайда келесі пойызға ауысып отыру нұсқаларын ұсынады.

Қайтару мөлшері мен мерзімі теміржол көлігімен жолаушыларды, жүк пен багажды, сондай-ақ, пошта жөнелтілімдерін тасымалдау ережелерімен белгіленген.

Мұндай жағдайларда жолаушыларға қосымша ақпарат алу үшін 1433 нөміріне қоңырау шалуға кеңес беріледі.
«Жолаушылар тасымалы» АҚ пойызға дер кезінде отыру үшін вокзалға ертерек келіп, осындай қолайсыздықтарды болдырмауға кеңес береді.

  
Есепке қою туралы № KZ38VPY00083153 БАҚ куәлігі 04.12.2023 жылы берілді.